Бос жұмыс орындары

Вакансиялар

1. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

2. Өндірістік оқыту шебері

3. Тәрбиеші 

4. Әдіскер (уақытша)

5. Қоймашы  

1. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары
 
Біліктілікке қойылатын талаптар:
      жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім, білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
      немесе 3 жылдан астам жұмыс өтілі бар білім беру ұйымының “үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары” немесе “екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары” немесе “бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары” біліктілік санатының болуы.
Білуге тиіс:
      Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, “Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы” кодекс, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық Кодексі, Қазақстан Республикасының “Білім туралы”, “Педагог мәртебесі туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы”, “Дене шынықтыру және спорт туралы”, “Қазақстан Республикасындағы тіл туралы” Заңдары;
      білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілер;
      педагогика және психология, әлеуметтану негіздері;
      мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, қазіргі заманғы педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
      басқарудың инновациялық әдістері;
      педагогикалық этиканың нормалары;
      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары.
2. Өндірістік оқыту шебері
 
Біліктілікке қойылатын талаптар:
      тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
      және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебердің мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл; және (немесе) біліктілігінің орта және жоғары деңгейі болған кезде: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл; педагог- сарапшы үшін кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл.
Білуге тиіс:
      Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының “Білім туралы”, “Педагог мәртебесі туралы”, “Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы”, “Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы” заңдары және кәсіптік білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;
      оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;
      өндірістік оқыту және кәсіптік практика бойынша оқу бағдарламалары;
      өндіріс технологиясы, жабдық, техника және оларды техникалық пайдалану ережесі;
      педагогика, психология негіздері, білім алушыларды кәсіптік оқыту және тәрбиелеу әдістемелері;
      педагогикалық этиканың нормалары;
      еңбек туралы заңнама. еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары.
3. Тәрбиеші
 
Біліктілікке қойылатын талаптар:
      жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білім (арнайы орта, кәсіптік орта), жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
      және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл;
      және (немесе) біліктілігінің орта және жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл; педагог- зерттеуші үшін кемінде 4 жыл.
Білуге тиіс:
      Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының “Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы” Кодексі, Қазақстан Республикасының “Білім туралы”, “Педагог мәртебесі туралы”, “Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы”, “Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы” заңдары және кәсіптік білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;
      оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;
      педагогикалық этиканың нормалары;
      педагогика және психология, әлеуметтану негіздері;
      еңбек туралы заңнама, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары.


4. Әдіскер

Біліктілікке қойылатын талаптар:
      тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім және білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
      және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-сарапшы үшін – кемінде 5 жыл; педагог-зерттеуші үшін – кемінде 6 жыл; педагог-шебер үшін – 7 жыл.
Білуге тиіс:
      Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының “Білім туралы”, “Педагог мәртебесі туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы”заңдары;
      білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілер;
      педагогикалық этиканың нормалары;
      оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;
      педагогика және психология, әлеуметтану негіздері, қазіргі педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
      басқарудың инновациялық әдістері;
      экономика негіздері, еңбек туралы заңнама, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелері.


5. Қоймашы

Біліктілікке қойылатын талаптар:
Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және есепке алу және бақылау жөніндегі жұмыс өтілі кемінде 1 жыл немесе жалпы орта білім және есепке алу және бақылау жөніндегі жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Білуге тиіс:
қойма шаруашылығын ұйымдастыру мәселелері бойынша заңнамалық, өзгеде нормативтік құқықтық актілер мен әдістемелік материалдар;
тауарлық-материалдық құндылықтарды сақтауға арналған стандарттар мен техникалық шарттар;
тауарлық-материалдық құндылықтардың түрлері, өлшемдері, маркалары, сұрыптылығы және өзге де сапалық сипаттамалары және оларды тұтыну нормалары;
тиеу-түсіру жұмыстарын ұйымдастыру;
тауарлық-материалдық құндылықтарды сақтау және сақтау тәртібі, оларды есепке алу жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтар;
 жүктерді тасымалдауға және сақтауға, қойма үй-жайлары мен жабдықтарды жалға алуға арналған шарттардың талаптары;
көрсетілген қызметтер мен орындалған жұмыстар үшін есеп айырысу тәртібі;
есептеу техникасы, коммуникациялар және байланыс құралдарын пайдалану тәртібі;
отандық және шетелдік озық тәжірибе;
    экономика, өндірісті ұйымдастыру, Еңбек және басқару негіздері;
еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптары.