Жатақхана

Жүктеп алу

Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің жатақханасы туралы мәлімет

01.07.2022 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №66 “Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы” бұйрығының (бұдан әрі – қағидалар) негізінде №2 тармағына сай жатақханалардағы орындарды бөлу жөніндегі конкурстық комиссия құрылды (директордың “жатақханада орындарды бөлу бойынша конкурстық комиссияның құрамын бекіту туралы” бұйрығы 18.05.2022 жылғы №28-н)

 Қағидаларға сәйкес белгіленген нысандағы (1-қосымша) өтініш негізінде 2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 2022-2023 оқу жылының 1-курстың өтініштерін есепке алмағанда, 2,3,4-курс студенттерінің жатақханада тұруға үміткерлер саны -50 құрады, оның ішінде:

  • мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитындар (бюджет) – 42
  • ақылы негізде оқитындар-8

Конкурстық комиссия қағидаларға сәйкес негіздеме мен кезектілікті ескере отырып, жатақханадағы орындарды бөлуді басым тәртіппен жүзеге асырды.

Конкурстық комиссияның шешімі бойынша 21 өтініш (2-қосымша) – оң шешіммен қабылданды, – 29 өтініш  резервте бекітілді.

Жатақхананың өндірістік қуаты (сыйымдылығы) – 91 орын.

Жатақханадағы орындарды бөлу туралы келесі отырыс 2022-2023 оқу жылының басында (26-29 тамыз) 1 курсты ескере отырып, басымдық тәртібімен кезектілік бойынша қаралатын болады.

Студенттер 30-31 тамыз 2022 жылы жатақханаға қоныстандырылады.

Ескертпе:

  • кәмелетке толмаған студенттер үшін өтініш заңды өкілдерден қабылданады;
  • 27.07.2007 жылғы № 319-III “Қазақстан Республикасының Білім туралы”  заңының №63 бабының  3-2 тармақшасының негізінде ақылы негізде оқитын студенттерге жатақханадан орын бос орын болған жағдайда беріледі.

Конкурстық комиссияның төрағасы
Баймаханова Мөлдір Бекенқызы
тел: +7 708 548 0550
e-mail: moldir.baymakhanova@mail.ru