Тәрбие жұмысы бойынша есеп

Орал Тансықбаев атындағы
Алматы сәндік – қолданбалы өнер колледжінің 2021-2022 оқу жылы  бойынша тәрбие жұмысытарының жылдық есебі


Колледждегі тәрбие жүйесінің ерекешелігі тәрбиенің басым бағыттары арқылы білім құндылықтарын іске асыру болып табылады. Қазақстан Республикасындағы балалар мен жастарды тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттерін айқындауға бағытталған білім берудің тұжырымдамалық негіздері бүгінгі күні барлық білім беру жүйесіне «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген барлық мақсаттар мен міндеттерді қарастырады, барлық деңгейдегі білім алушыларды оқытудың сабақтастығын қамтамасыз етудің міндетті шарты болып табылады.

Тәрбие жұмыстары

Колледжде тәрбие жұмысын ұйымдастыру және жоспарлау Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды) (10.03.2017 ж. берілген өзгерістер мен және толықтырулармен), «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-ІІІ Қазақстан Республикасының Заңы (04.07.2018 ж. өзгерістермен және толықтырулармен), «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» № 345-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы (24.05.2018 ж. өзгерістермен және толықтырулармен), Мемлекеттік жастар саясаты туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 9 ақпандағы № 285-V ҚРЗ, Қазақстан Республикасының заңы «Педагог мәртебесі» туралы  , 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №293 – VІ ҚРЗ (03.05.2022    ж. берілген өзгерістер мен және толықтырулармен), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері» туралы 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 12 мамырда № 20619 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы №410 – V ҚРЗ, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы № 483-ІҮ Заңы (22.12.2016 ж. өзгертулермен және толықтырулармен), орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығына сәйкес алынған.

Қосымша ТЖ