ҚАБЫЛДАУ ШАРТТАРЫ 

Колледжге қазақ және орыс тілінде негізгі жалпы білім беретін мектепті  (9 сынып) және көркемсурет мектебін бітірген оқушылар қабылдау емтиханының қорытындысы бойынша конкурс арқылы қабылданады. Оқуға түсу емтихандарын  Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің оқуға қабылдау туралы   типтік ережелеріне сәйкес тапсырады. Оқуға қабылдау емтихан  қорытындысы бойынша  іріктеу  негізінде  жүзеге  асырылады. Колледждегі оқу: бюджет  негізінде және  ақылы. Шалғай аудандардан келгендер жатаханамен қамтамасыз етіледі.

Оқу мерзімі – 3 жыл 10 ай