Главная

Поздравляем с праздником- Днем государственных символов РК!
В 1992 году 4 июня были утверждены новые государственные символы независимого Казахстана.
С этого времени эта дата является Днем рождения новой государственной символики.
Студенты Алматинского колледжа декоративно-прикладного искусства имени О.Тансыкбаева подготовили открытый урок на эту тему.
В этот знаменательный день желаем вам, счастья, неисчерпаемой энергии, жизненного оптимизма и новых достижений на благо любимой Родины!
Открытый урок подготовили студенты первого курса: — Алимбетова Ардак, Долгова Виктория,
Есен Кунсулу,Зиндяева Марина, Митай Исайя.Никифорова Настя, Орманбетова Сабина, под руководством куратора — Сатпаевой Лауры Мухтаровны, преподавателя по художественной росписи.

«Методы изготовления изделий из войлока» онлайн лекция.
Абилхай Асель Жанаскызы, преподаватель спецдисциплин, Алматинского колледжа декоративно-прикладного искусства им О.Тансыкбаева.

«Методы изготовления изделий из керамики» онлайн лекция
Узбекова Индира Калибековна, преподаватель спецдисплин, Алматинского колледжа декоративно-прикладного искусства им О.Тансыкбаева.

«Ағаштан бұйымдарын жасау әдіс тәсілдері» тақырыбындағы онлайн дәріс.
Таңсықбаев Ербол Жамбулбекович, О.Тансықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің арнайы пән оқытушысы.

«Қазақ әйелдерінің зергерлік әшекейлерінің түрлері» тақырыбындағы онлайн дәріс.
Исақов Аман Кұлахметұлы, О.Тансықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің арнайы пән оқытушысы, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісінің иегері.

«Методы изготовления художественных украшений» онлайн лекция
Сатпаева Лаура Мухтаровна, преподаватель спецдисциплин, Алматинского колледжа декоративно-прикладного искусства им О.Тансыкбаева.

«Тоқыма өнерінің заманауи жасау әдіс тәсілдері» тақырыбындағы онлайн дәріс.
Дуйсембаев Мухамбеткали Самратович, О.Тансықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің арнайы пән оқытушысы, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісінің иегері.

18.05.2020ж
16:00
«Мүсін өнеріндегі композициялық негіздері» тақырыбындағы онлайн дәріс.
Өскенбай Мәлік Әуесханұлы, О.Тансықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжының арнайы пән оқытушысы ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР «Мәдениет саласының үздігі», ҚР БжҒМ «Ы. Алтынсарин» атындағы төс белгілері иегері. ҚР суретшілер одағынан жылдың

Айгуль Жансерикова об игрушках и предметах быта.

«Об игрушках и предметах быта в декоративно прикладном искусстве казахов»
Жансерикова Айгуль Жексенбаевна, Ph.D. Этно-дизайнер, основатель бренда и ТОО “Aigul Line”, иницатор и руководитель Центра ремесленников Qazaq-Oner. Кавалер ордена Құрмет,награждена медалями, грамотами, дипломами республиканского и международного уровня.

Қазақ елінің сиволдарына айналған ежелгі сақ дәуірінің Тотемі» онлайн дәріс.
Өскенбай Мәлік Әуесханұлы, О.Тансықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжының арнайы пән оқытушысы ҚР СОМ ҚР «Мәдениет саласының үздігі», ҚР БжҒМ «Ы. Алтынсарин» атындағы төс белгілері иегері. ҚР суретшілер одағынан жылдың үздік шығармашылығы үшін Ә.Кастеев атындағы алтын төс белгісімен марапаталды.

«Карантин кезіндегі суретшінің шығармашылығы» Серікбай Алжан, О.Тансықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің арнайы пән оқытушысы, ҚР «Мәдениет саласының үздігі», ҚР БжҒМ «Білім беру ісінің үздігі», ҚР «Ерен еңбегі үшін» медалінің және ҚР БжҒМ,
«Ы. Алтынсарин» атындағы төс белгісі иегері.

Беседа с преподавателем спец дисциплин Алматинского колледжа декоративно-прикладного искусства им О.Тансыкбаева Серикбая Альжана Мубараковича на тему
«Творческий процесс художников во время карантина»
Альжан С.М.- член Союза Художников РК, награжден медалью «Ерен еңбегі үшін», нагрудным знаком «Ы.Алтынсарина» МОН РК, нагрудным знаком «Мәдениет саласының үздігі», «Үздік шығармашылығы үшін».

«Суретшінің толғауы»

Серікбай Алжан, О.Тансықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің арнайы пән оқытушысы, ҚР «Мәдениет саласының үздігі», «Білім беру ісінің үздігі», ҚР «Ерен еңбегі үшін» медалінің, ҚР БжҒМ ҚР БжҒМ «Ы. Алтынсарин» атындағы төс белгісі иегері.

 Беседа с преподавателем спец дисциплин Алматинского колледжа декоративно-прикладного искусства им О.Тансыкбаева Серикбая Альжана Мубараковича на тему «Размышления художника».

Альжан С.М.- член Союза Художников РК, награжден медалью «Ерен еңбегі үшін», нагрудным знаком «Ы.Алтынсарина» МОН РК, нагрудным знаком «Мәдениет саласының үздігі», «Үздік шығармашылығы үшін».

22 апреля
22 сәуір 2020 жылы сағат 12.00 онлайн лекция:
«Қазақтың атақты әйел суретшілері Айша Ғалымбаева мен Гульфайруз Исмаилованың шығармашылығы»
Амангельдина Ақтолқын Боранбаевна, О.Тансықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің арнайы пән оқытушысы (Өнертану магистрі).
22 апреля в 12.00 состоится онлайн лекция:
«Первые казахские женщины художницы Айша Галимбаева и Гульфайрус Исмаилова»
Лектор: Амангельдина Ақтолқын Боранбаевна, преподаватель спец дисциплин Алматинского колледжа декоративно-прикладного искусства им О.Тансыкбаева. 

Запись онлайн конференции посвященной 175- летию Абая Кунанбаева
Тема: «Абай человечества»
Организатор :Алматинский колледж декоративно-прикладного искусства им. О.Тансыкбаева
Предметно-цикловая комиссия
общеобразовательных дисциплин.
Ведущая: Канетова С.К., преподаватель казахского языка и литературы.

Онлайн конференция состоялась 5 апреля 2020 г. 13.00 ч.

Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына арналған Абай өлеңдерінен эстафета

Юсуп Айдана.Көркем тоқыма бөлімі 2 курс студенті

Царнаева Луиза.Көркем тоқыма 2 курс студенті

Тайрабекова Камила.Киім дизайн 2курс

Молдабекова Гаухар Әубәкірқызы.Тарих пәнінің мұғалімі

Руслан Аяулым.Киім дизайн 2курс

Алиева Айжан Бескемпірқызы және Өмірзақ Көркем

Әлжанов Серік Мүбәракұлы

Молдабекова Гаухар Әубәкірқызы.Тарих пәнінің мұғалімі

Внимание ! Коронавирус !

Уважаемые родители!
В связи с введением чрезвычайного положения в РК студенты 1-4-х курсов направлены по домам с 16 марта до 6 апреля 2020г.
Обучение будет проводиться дистанционно по расписанию учебных занятий II-го семестра 2019-2020 уч.года.
Просьба к родителям: проконтролировать и обеспечить безопасность своих детей (воздержаться от посещения общественных мест, соблюдать профилактические меры), выполнение ими домашних заданий, поддерживать связь с преподавателями колледжа; соблюдать спокойствие и достоверную информацию получать от колледжа.
Дополнительную информацию (расписание, номера телефонов преподавателей) можно получить у кураторов групп или в рабочем штабе колледжа по номерам 3798324, 3798326, 3798226.
Рабочий штаб АКДПИ

ПАМЯТКА
Специалисты отмечают, что симптомы заболевания вирусом COVID-19 сходны с симптомами обычного сезонного гриппа: высокая температура тела, головная боль, слабость, кашель, затрудненное дыхание, боли в мышцах, тошнота, рвота, диарея.
Семь шагов по профилактике коронавирусной инфекции:
1. Воздержитесь от посещения общественных мест: торговых центров, спортивных и зрелищных мероприятий, транспорта в час пик;
2. Используйте одноразовую медицинскую маску (респиратор) в общественных местах, меняя ее каждые 2-3 часа.
3. Избегайте близких контактов и пребывания в одном помещении с людьми, имеющими видимые признаки ОРВИ (кашель, чихание, выделения из носа).
4. Мойте руки с мылом и водой тщательно после возвращения с улицы, контактов с посторонними людьми.
5. Дезинфицируйте гаджеты, оргтехнику и поверхности, к которым прикасаетесь.
6. Ограничьте по возможности при приветствии тесные объятия и рукопожатия.
7. Пользуйтесь только индивидуальными предметами личной гигиены (полотенце, зубная щетка)

При подозрении на коронавирусную инфекцию следует соблюдать следующие правила:
1. Оставайтесь дома. При ухудшении самочувствия вызовите врача, проинформируйте его о местах своего пребывания за последние 2 недели, возможных контактах. Строго следуйте рекомендациям врача.
2. Минимизируйте контакты со здоровыми людьми, особенно с пожилыми и лицами с хроническими заболеваниями. Ухаживать за больным лучше одному человеку.
3. Пользуйтесь при кашле или чихании одноразовой салфеткой или платком, прикрывая рот. При их отсутствии чихайте в локтевой сгиб.
4. Пользуйтесь индивидуальными предметами личной гигиены и одноразовой посудой.
5. Обеспечьте в помещении влажную уборку с помощью дезинфицирующих средств и частое проветривание.

Памятки по коронавирусу

2 Марта

2 марта коллектив Алматинского колледжа декоративно-прикладного искусства им. О. Тансыкбаева ознакомился с Постановлением главного санврача Казахстана «О дальнейшем усилении мер профилактики коронавирусной инфекции в Республике Казахстан» и подробно обсудил Памятку по профилактике распространения вирусных заболеваний для организаций образования подведомственных Министерству культуры и спорта Республики Казахстан.
Был озвучен комплекс профилактических мероприятий для предотвращения распространения вирусных заболеваний, в том числе коронавируса, назначены ответственные лица.

Президент мақаласын талқылау

«Egemen Qazaqstan» газетінің бүгінгі санында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы жарық көрді. Мемлекет басшысы өз мақаласында халқымыздың ұлы ойшылы, ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын Мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде, лайықты түрде атап өтілетіндігін жазған.
«Абайдың ақылын алсақ, айтқанын істесек, ел ретінде еңселенеміз, мемлекет ретінде мұратқа жетеміз.Абай арманы – халық арманы. Халық арманы мен аманатын орындау жолында аянбағанымыз абзал» — деп барша Қазақстан халқының алдында үлкен мақсат тұрғанын тілге тиек етті.
Осы орайда қара шаңырақ О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің ұжымы, оқытушылары мақаланы талқылап, жан-жақты ой-пікірлерін айтып, мақалада айтылған барлық ауқымды мәселелерді бірауыздан қолдап, игі бастамаға атсалысатындықтарын айтты.
Сондай-ақ Ұлы ақынның мерейтойын атап өтуге өз үлесін қосу үшін, колледж әкімшілігі мен оқытушылары бірқатар жоспарлар құрып, Абайдың мол мұрасын барынша студенттердің санасына сіңіруге еңбек ететіндіктерін жеткізді.

Сіздерді О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің «ARQA» аккредиттеу және білім сапасын сараптау жөніндегі тәуелсіз агенттігінен институционалды және мамандандырылған аккредиттеу аясында 5 жыл мерзімге толық аккредиттеу мәртебесі берілуіне байланысты баршаңызды құттықтаймын!
Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында жемісті де, тындырымды іс атқардық. Игі істеріңіздің қашанда осылай оңға басуына, әр қадамдарыңыздың қарымды болуына, ел-қоғам алдында абыройларыңыздың арта беруіне тілектестік білдіремін.
Құрметпен, колледж директоры С.Шалабаев

Поздравляем всех Вас с успешным прохождением аккредитации!
Алматинский колледж декоративно-прикладного искусства
им. О. Тансыкбаева успешно прошел аккредитацию Независимым агентством по аккредитации и экспертизе качества в образовании «ARQA» в рамках институциональной и специализированной аккредитации сроком на 5 лет!
Благодаря усердной работе каждого из Вас мы смогли достичь этого результата!
Желаю, что бы в дальнейшем наша работа всегда была успешной, каждый следующий шаг стал плодотворным и репутация колледжа росла в обществе и стране!
С уважением, директор колледжа С. Шалабаев

Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай өтіп жатқан эстафетаны Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 1 курс студенті Өмірзақ Көркем Мұратқызы колледж студенттеріне жолдаған еді. Колледж студенттерінің арасынан Алиева Айжан Бескемпірқызының жетекшілігімен құрылған «Жалын жастар» клубының мүшелері, эстафетаны зор құрметпен қабыл алды.

Колледж жаңалықтары
13.12.2019 жыл

13 желтоқсан колледж оқытушылары Молдабекова Гаухар Аубакировна мен Қошқарбек Жүрсінкүл Тасболатқызының ұйымдастыруымен,Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіз Қазақстанның ұрпақтары» атты салтанатты іс-шара өтті. Салтанатты кеш ҚР Мемлекеттік Әнұранымен басталып, қазақтың әсем әндері, тәтті күйлерімен жалғасын тапты. Әсіресе «Желтоқсан құрбандары» атты колледж студенттерінің орындауларындағы театрландырылған көрініс, кешке жиылған қауымның көңілінен шықты.
Кеш барысында П.И.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі студенттері орындаған «Көк тудың желбірегені», «Желтоқсан желі» сияқты патриоттық тақырыптағы әндер залда отырған көрермендерге рух беріп, тамаша бір сезімге бөледі.
Салтанатты кеш барысында білім ордасының басшысы Шалабаев Сейтхали Исақұлұлы ҚР Мәдениет және спорт министрі Райымқұлова Ақтоты Рахметоллақызының атынан, колледж оқытушылары Ходжаев Адельбай Юсуповичті «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен, Амангельдина Ақтолқын Боранбаевна, Левакова Зульфия Ильгисовна, Нұрахмет Нұрбол Нұрахметұлын «Құрмет грамотасымен», Молдабекова Гаухар Аубакировна, Сексенбаева Озипа Нұржановнаны «Алғыс хатпен» марапаттап, жұмыстарына сәттілік, еңбектеріне табыс тіледі. Сонымен қатар оқу ордасының білім алушы студенттерін колледждің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысқаны үшін Алғыс хаттар табыстап, тәуелсіз еліміздің білікті де, білімді азаматтары болуларына тілектестік білдірді.

«Рухани қазына -2019» фестивалі өтті

«Рухани қазына -2019» фестивалі өтті

  Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен, Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің ІІ-ші «Рухани қазына-2019» фестивалі өтті. Фестиваль Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» арнайы жобасы аясында екінші рет ұйымдастырылып отыр. Фестивальдің мақсаты — Мәдениет саласы қызметкерлерінің қызметінде тәжірибе алмасуға мүмкіндік беру, соның ішінде кітапхана, музей, мәдени ойын-сауық саласындағы қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыру, ұлттық мәдениетті насихаттау, аймақтық мәдениет ұйымдарының имиджін көтеру, үздік әлеуметтік-мәдени және білім беру тәжірибелерін ортаға салу болып табылады. Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған іс-шараға 500-ге жуық мәдениет саласының қызметкерлері қатысты.
Фестивальдің ашылу салтанаты Нұр-Сұлтан қаласының «Тәуелсіздік» алаңында орналасқан, ҚР Ұлттық музейінде өтті. Фестивальдің ашылу салтанатында ҚР Мәдениет және өнер істері департаменті директоры Әбіл Жоламанов, Мемлекет қайраткері Мырзатай Жолдасбеков барша мәдениет саласының қызметкерлерін мерекемен құттықтап, толағай табыстар тіледі. Сондай-ақ ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің вице-министрі Ақтоты Рахметоллақызы министр Арыстанбек Мұхамедиұлының арнайы құттықтауын жеткізді.
Фестиваль аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне бағынысты мекемелердің баспасөз хатшыларына арналған үш күндік шеберлік сыныптар өткізілді. 21 мамыр күні «Астана опера» мемлекеттік опера және балет театрының маркетинг және PR мамандары Екатерина Романова, Айжан Құрманғалиева, Салтанат Әбдірованың дайындаған арнайы шеберлік сабақтарына қатысқан баспасөз хатшыларына «Астана опера» мемлекеттік опера және балет театрының директоры Ғалым Ахмедьяровтың атынан сертификаттар табысталды. 22 мамырда ҚР Ұлттық музейінде халықаралық деңгейдегі SMM жаттықтырушысы Рахиля Рузахунова, 23 мамырда PR маманы Ақбота Орынбаева және «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Олжас Беркінбаев сынды мамандар өз тәжірибелерімен бөлісті. Үш күндік шеберлік сыныптарға қатысып, «Рухани қазына-2019» фестиваліне ақпараттық қолдау көрсеткен Баспасөз хатшыларына Айдар Қырықбайұлы министр Арыстанбек Мұхамедиұлының Алғыс хатын тапсырды.
Қорыта айтқанда, өте жоғарғы деңгейде ұйымдастырылып өткен фестивальдің, шеберлік сыныптардың баспасөз қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруларына үлкен мүмкіндік тудырғаны анық.

Қадірлі оқырман!

Қазақстан Республикасындағы ертеден келе жатқан оқу орны қара шаңырақ – Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі туралы мәлімет білгіңіз келгеніне қуаныштымын. Колледж ұжымының алға қойған мақсаты Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2011 -2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын қолдай отырып, ұлттық өнерді дамытатын бағдарламалар жасап, жас таланттардың шығармашылық қабілеттерін жоғары көтеріп, биік жетістіктер шыңынан көріну. Жетпіс сегіз жылдық тарихы бар колледж творчестволық салт-дәстүрге бай, өмір жолы қиын да қызық. Сондықтан, ХХІ ғасырда Тәуелсіз Қазақстанның жастары әлемге танымал болатынына сенемін. Өнер әлеміне қош келдіңіздер! Колледж директоры «Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері» профессор С.И.Шалабаев